Сарапшылар Қазақстандағы КВИ-ге қарсы вакцинация туралы айтты

Бүгін денсаулық сақтау саласындағы жетекші сарапшылар ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстандағы коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация туралы сөз қозғап, өзекті сұрақтарға жауап берді.

ҚР ДСМ Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиеваның айтуынша, Covid-19 пандемиясы басталғалы бір жыл өтті,  қазір коронавирустың тиімді емі жоқ, бірақ асқынудан, қайғылы жағдайдан қорғайтын вакциналар бар.  Вакцина қабылдаған адам мутацияланған вирусты жұқтырса да, екпенің қорғаныс әсері болады. Себебі, SARS-CoV-2-ге қарсы барлық вакцинаның құрамына вирус геномының фрагменттері кіреді, олар мутация процесінде өзгермейді.

Қазір басты міндет — пандемия басталғаннан бері ауырғандардың санын анықтау емес, халықты індетті қайта жұқтырудан қорғау. Сонымен қатар, әлем елдері бірнеше вакцина қолдануда. Әлемдегі вакцинаның енгізілген дозаларының жалпы саны бойынша алғашқы бестікке: АҚШ (124,48 млн доза), Қытай (74,96 млн), Ұлыбритания (29,86 млн), Үндістан (45,07 млн) және Бразилия (13,56 млн) кіреді.

«Қазақстанда пандемияны тоқтатып және популяциялық иммунитет қалыптастыру үшін кемінде 10 млн. адам екпе салдыруы тиіс. Сондықтан, қазір басты міндет — пандемия басталғаннан бері ауырғандардың санын анықтау емес, халықты індетті қайтажұқтырудан қорғау. Өйткені азаматтардың 50% симтомсыз немесе жеңіл дәрежеде ауырған»,-Ләззат Ералиева.

Адамзат бұған дейін де пандемиямен жұқпалы аурулар эпидемиясын бастан кешкен. Ол кезде де індетті  эпидемияға қарсы шаралар, сондай-ақ вакцинация мен тиімді дәрі-дәрмек жасау арқылы жеңді. Елу жыл бұрын вакцинацияның арқасында миллиондаған адамның өмірін қиған ауру ауыздықталды. Инновациялық дәрі-дәрмектердің көмегімен дәрігерлер бүгінде АИТВ/ЖИТС пандемиясымен күресуде.

«Бірнеше айдың ішінде әлемде ондаған COVID-19 қарсы вакцина жасалды, дәрігерлер екпенің жоғары тиімділігіне таңғалуда. Коронавирус мутацияға ұшырайды, яғни ол өзгереді. Оның жұғу қауіпі күшейіп, індеттің жаңа толқыны басталуы мүмкін.Бұған жол бермеу үшін қысқа мерзімде адамдарды жаппай вакцинациялау керек. Сондықтан азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауға және пандемияны жеңуге нақты үлес қосуға шақырамын», — деді америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, профессор А.Шарман.

COVID-19 вакцинациясы әдетте екі кезеңде жүргізіледі. Вакцинаның екінші дозасы біріншісінен кейін үш апта өткен соң салынады. Нәтижесінде ағзадаантидене, сондай-ақ иммундық жасушалар пайда болады да, 90 пайыз COVID-19-дан қорғайды. Сонда шамамен 10 пайыз коронавирус жұқтыру қаупі қалады. Сондықтан, вакцинациядан кейін де маска киіп, қол гигиенасын, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау керек. Сақтық шараларын адамдар жаппай вакцина алып, қоғамда ұжымдық иммунитет қалыптасқанға дейін жалғастыруға тура келеді

Профилактикалық медицина академиясының сарапшысы Бауыржан Жүсіпов

«Қалыпты өмірге тезірек оралу үшін коронавирусқа қарсы вакцина алған дұрыс. Сонда әр адам инфекцияның таралуын тоқтатуға және пандемияның аяқталуына үлес қосады»,- А.Шарман.

«Әлемде бірнеше вакцина қолданылуда, екі жүзден астам вакцина клиникаға дейінгі немесе клиникалық зерттеулерден өтуде. Вакцинациядан КВИ жаңа жағдайларының алдын алу тиімділігі өте жоғары — 60%-дан 95% — ға дейін. Бірақ вакцинацияланған адам жұқтырған болса да, вакцинация асқыну мен қайғылы жағдайдан өте жақсы қорғайды».

Профилактикалық медицина академиясының сарапшысы Бауыржан Жүсіповтіңәлемде бірнеше вакцина қолданыста екенін айтты, екі жүзден астам вакцина клиникаға дейінгі немесе клиникалық зерттеулерден өтуде. Вакцинациядан КВИ жаңа жағдайларының алдын алу тиімділігі өте жоғары — 60%-дан 95% — ға дейін. Бірақ вакцинацияланған адам жұқтырған болса да, вакцинация асқыну мен қайғылы жағдайдан өте жақсы қорғайды.

«Ең алдымен әлеуметтік ара қашықтық шараларын және маска режимін сақтауқажет. Сонымен қатар, жаппай вакцинацияны қамтамасыз ету өте маңызды. Коронавирустың таралуын шектеу шараларынсыз тоқтату үшін ұжымдық иммунитет жоғары болуы керек. Егер бұрын эпидемиологтар ұжымдық иммунитеттің қажетті деңгейін 60-70% деп бағаласа, онда жұқпалы жаңа нұсқалар үшін ұжымдық иммунитет деңгейінің кем дегенде 80% болады», — деді Б.Жүсіпов.

Оның айтуынша, Қазақстанда адамдардың көбі ауырғанын ескере отырып, қалыпты өмірге шектеусіз оралу үшін кем дегенде 11 миллион азаматты вакцинациялау қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша 2021 жылғы 26 наурыздағы SARS-CoV-2 «Британдық штамы» әлемнің 125 елінде, «Оңтүстік Африка» 75 елінде, «Бразилиялық» 41 елінде анықталды. Яғни, бір апта ішінде «Британдық штам» әлемнің тағы 7 елінде анықталды.Вирустың мутация ықтималдығы адамдардың жұқтыру жиілігінің жоғарылауымен артады.

«Коронавирустың жаңа штамдары мен бастапқы штамның белгілері бірдей, қызба, жөтел және дәм мен иіс сезімі жоғалады. Ұлыбритания мамандарының айтуынша, коронавирустың жаңа «Британдық штаммы» жөтел, қатты шаршау, бұлшықеттегі әлсіздік сияқты белгілермен сипатталады, бірақ иіс сезу «қытай» нұсқасына қарағанда азбайқалады», -деді ҚР ДСМ ҚДСҰО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының м.а. Манар Смағұл.

ДДСҰ мәліметтері бойынша жаңа штамдар 41%жоғары репродуктивті, яғни адамдарды жұқтыру қабілетін, сондай-ақ «басқа айналымдағы штамдарды тез алмастыру қабілетін» көрсетті. «Британдық штамда» ауруханаға жатқызу, ауыр ағым және өлім қаупі жоғары.

«Бүгінде республикада COVID-19-ға қарсы вакцинация қолжетімді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бірінші сәуірден бастап вакцинациялауға жататын контингент көбейеді. Өйткені айдың басында қосыша 150 мың доза және бір айдың ішінде шамамен 1 миллион доза жеткізу жоспарлануда»,- деді Манар Смағұл.

Сонымен қатар, сарапшы атап өткендей, вакцина тапшылығы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде байқалады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауда.Мысалы, Ресей Федерациясында қол жетімді мәліметтер бойынша «Спутник» вакцинасының екі компонентімен халықтың 1,9% қамтылған.

Қазақстанда вакциналар медициналық мекемелерге түскенге дейін тексеруден өтеді және оларға қойылатын талаптар өте жоғары.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығывакциналардың сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін әзірлеу, өндіріс жағдайын бағалау, клиникаға дейінгі сынақтарды мұқият сараптау кезеңінен бастайды және клиникалық сынақтар кезеңдеріне өте маңызды талаптар қойылады. Сондықтан Қазақстанда, бүкіл әлемде вакциналарды тіркеу және сараптамадан өткізу процесі көпкезеңді және еңбекті талап етеді

Пандемия кезеңінде «Қазақстан Республикасында өндірілген COVID-19 коронавирусқа қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 850 қаулысының негізінде қазақстандық QazCovid-in вакциналары (2020 жылғы 31 желтоқсан 9 ай мерзімге) және Гам-КОВИД-Вак (2021 жылғы 15 ақпан 9 ай мерзімге) уақытша тіркеуден өтті. Сарапшының айтуынша, QazCovid-in қазақстандық вакцинасы қазір клиникалық сынақтың 3 кезеңінен өтуде,  осы жылдың  екінші жартысында аяқталады.

«COVID-19 вакциналары бүкіл әлемде жаппай жұқтыру және коронавирус инфекциясынан адам өлімі жағдайында  шұғыл дайындалды. Сонымен қатар, бұл ғаламдық проблемаболғандықтан, фармацевтикалық компаниялар вакцинаны тез әзірлеуге айтарлықтай ресурс жұмсады. Бірақ компаниялар қауіпсіздік хаттамаларын қатаң сақтады»,- деді Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляев.

Александр Гуляеввакцинаның тиімділігі адамның өзіне де байланысты екенін еске салды. Сондықтан вакцинаның бірінші және екінші дозасы арасында адамдармен байланысты азайтып және барлық санитарлық ережелерді сақтау қажет. Иммунитет біртіндеп қалыптасады, ал вакцинаның бірінші және екінші дозасы арасындағы кезеңде организм әлсіз болады. Егер адам санитарлық шараларды сақтамаса, COVID-19 ауруы мүмкін.