Түркістан облыстық балалар ауруханасына Ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты берілді Ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты берілді. Медиицналық ұйым оындай дәрежеге ие болған өңірдегі алғашқы балалар стационары.
Көп профильді облыстық балалар ауруханасы республика бойынша ірі ауруханалардың бірі әрі бірегейі. 917 511-нан астам балаға қызмет көрсетуге қауқарлы ауруханада науқастарға шұғыл және жоспарлы түрде медициналық қызметтер көрсетіледі.
Ауруханада педиатрия және балалар хирургиясы бойынша мамандандырылған стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің барлық бейіндері қамтылған. Сондай-ақ, кардиохирургия бағыты бойынша жоғары мамандандырылған қызметтер көрсетіледі. Бүгінде ауруханада балалар кардиохирургиясы, ангиохирургиясы, неонатальды хирургия, нейрохирургия, жарақат және ортопедия, офтальмология, онкогематология, күйік бойынша қызметтері көрсетіледі. Сонымен қатар, 50 төсек стационаралмастырушы төсек орындар және күніне 400 келіп-кетушілерге арналған консультативтік-диагностикалық емханасы бар. Жыл сайын ауруханада 18 мыңнан астам бала емделіп, функционалды диагностика — 30 000 (Кт, МРТ, УЗД, рентген, тб) қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ ауруханаға қарасты емханада 72 000 астам балаға дәрігерлік кеңес беріледі. Емхана құрамында барлық бейіндер бойынша мамандардың консультациясын алуға болады. Одан бөлек, сурдологиялық орталықта аудиограмма арқылы балалардың есту қабілетін анықтауға болады.
Елімізде алғаш рет биыл облыстық балалар ауруханасы базасында оқу әдестемелік “Супервизия” орталығы ашылып, госпитальды фармация бөлімшесі жұмыс істеуде.